Мектепке дейінгі балалық шақ жеке тұлғаны қалыптастыруда өте
маңызды кезең, осы кезеңде баланың танымдық процестері қарқынды дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән бірқатар психологиялық ерекшеліктер: қарқынды қабылдау мен есте сақтау қабілетінің жоғары болуы тілді табысты меңгеруге ықпал етеді.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (ҚР ОАМ 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) қарастырылған.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда балаларға қазақ тілін үйретуге неғұрлым ерте мән беріп, қазақ тілін үйрету үшін қолайлы тілдік орта құруға, мемлекеттік тілді үйрену бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік берсе, нәтижелер соғұрлым табысты әрі тиімді болады.
Балалардың әлеуметтік қарым-қатынасының алғашқы дағдылары айналасындағы ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Сондықтан балаларға қазақ тілін үйрету мәселесіне мектепке дейінгі ұйымның басшысынан бастап әдіскер, барлық педагогтер мен ата- аналарды тарта отырып ықпалдастықта ұйымдастыру қажет.
Мектеп жасына дейінгі кезден бастап балаларға қазақ тілін үйрену уақыт талабы болып табылады. Бірақ тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес. Тілді ерте үйрету баланың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік қабілеттерін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге халықтың салт- дәстүрлеріне деген қызығушылықты, сондай-ақ Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастырады. Балаларға мемлекеттік тілді үйрету (мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес ересек топта бір рет, мектепалды тобында аптасына екі рет) сондай-ақ күн сайын режимдік сәттерде балалар әрекетінің: қарым-қатынас, заттық, ойын, еңбек, көркем (педагогтің көркем әдебиет оқып беруі, кітаптарды, иллюстрацияларды қарау), театрландырылған және дербес әрекет және басқа да әрекет түрлері арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.
Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуіндамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салтт- дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым- қатынасты игерту ұсынылады.
Бағдарламаның мақсаты балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде ауызша сөйлеудің қарапайым дағдыларын (түсіну және айту) қалыптастыру.
Қазақстан республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейнгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөнінде іс-қимыл жоспарының 13 тармағын орындау мақсатында 2024-2025 оқу жылында басқа тілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету үшін «Тілге бойлау» бағдарламасын енгізу бойынша бұйрық шықты. Осы бұйрыққа сүйене отырып «Тілге бойлау» пилоттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» МКҚК орында бұйрық еңгізілді. Осы бұйрық негізінде Мырзабаева Жазира Омирбековна, Сайгашова Татьяна Анатольевна, Мухамеджанова Алтынгуль Талгатовна, Баймендинова Айымгуль Канатовна, Леонгардт Ольга Викторовна, Акульша Анна Ивановна «Тілге бойлау» бағдарламасы бойынша пилоттық жобаны іске асыру мақсатында шығармашылық топтың құрамына еңгізілді. Бөбекжай педагогтары үлгілік оқу бағдарламасы мен "Тілге бойлау"жобасын іске асыру бойынша ерте даму Институты жанынан біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Бөбекжайдың бұйрығы бойынша бұл бағдарлама басқа тілде оқытылатын «Солнышко» мектепалды тобында және «Ручеек» ересек тобында іске асырылуда. Жалпы 48 тәрбиеленуші қамтылды.
Балабақша ішінде құрылған жоспар бойынша «Тілге бойлау»пилоттық жобаны іске асыруды ұйымдастыру іс-шаралары толық жүргізілуде.