Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли – сад «Айгөлек» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»  
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

Біз соц. желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшадағы балалардың бейімделуін қалыптастыру ерекшеліктері.

МКҚК «Айгөлек» бөбекжай бақшасының педагог- психологі

Мухамеджанова Алтынгүл Талғатқызы

Балалардың балабақшаға қалыптастырудың ерекшеліктері.

Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі аурады!- деген сөз бүгінгі тақырыпқа орынды айтылған. Әр ата-ана өзінің өмірге келген бүлдіршіндерінің  қалай өмірге беймделетіні мазалайды. Сондықтан да өз баласының өмірге беймделуі жақсы өту үшін балабақшаларға  беруге міндетті болады. Баланың балабақшаға беймделуі 3 түрлі кезеңмен өтеді. Жеңіл беймделу, орташа беймделу , ауыр беймделу.

Жеңіл беймделу – бала 1-16 күнде үйреніп, баланың мінез құлқы екі апта ішінде қалыпқа келеді.Тәбеті апта соңына дейін қалыпқа келеді. Балада тұрақты әрі қалыпты эмоциялық жағдай қалыптасады.Үлкедермен араласып, жаңа жағдайға тез үйренеді. Сөйлеуге көп қысылғанмен, бала алаңдап үлкендердің айтқанын тыңдайды.

Орташа бейімделу -  кезеңінде ұйқысы  мен асқа деген  тәбеті 20-40 күнде бір жүйеге келеді. Бір ай бойы баланың  сезімі тұрақсыз болады. Бұл  орташа  бейімделуде балаға  мына  қасиеттер тән  болады.

Ересектермен  балалар  арасынан қарым- қатынасқа  түсу үшін  таңдай бастайды және  белгілі  жағдайда  ғана  қатынасқа  түседі. Бұл орташа  бейімделуде    бала 2 рет ауыруы  мүмкін  және 10 күннен аспайды.

Күрделі бейімделуде  -  баланың  дұрыс  ұйықтамауынан байқауға  болады.  Ол  түсінде айқайлап, тұрған кезде жылап  тұрады. Тәбеті болмай тамақ ішпейді, сонымен бірге іші өту, құсу, кекештену, қорқыныш, үрей пайда болады. Тәрбиешілерді тыңдамай, жұлынып, долданып  айғайлай бастайды. Бұндай бейімделуде бала белсенсіз болады. Бұндай күрделі беймделуден шығу үшін , ата-ана мен тәрбиешілер тығыз байланыста болу керек.

Бұндай беймделуді балаңыз қиналмай өтсін десеңіз, мынандай ережелерді ұстанған дұрыс: Сіздер балаларыңыз жайлы тәрбиешілерге қысқаша ғана ақпарат берулеріңіз керек.Оның ішінде: балаңыздың қалай ұйқыға дайындалатынын, күнделікті үй шаруасында балаңыз қандай ойындарды ұнататынын , қандай іспен айналысқанды жақсы көретінін ,сонымен қатар қажет болса ұнататын ойыншықтарын беріп жіберсеңіз де болады.  Балаңызды балабақшаға әкелерде өзіңізді сенімді ұстаңыз, қоштасар кезде балаңызбен  қоштасуды созбаңыз, қоштасудың белгілі бір ережесін ұстанған дұрыс болады, өйткені бала сіздің жүзіңізден сенімділікті көру керек. Сонымен қатар бала балабақшаға келер алдында емізгісінен (Соска) айырып, қасық ұстап, өзі тамақтану,  қол жуу, горшокқа отыру,  аяқ киімін киу секілді іс-әрекеттерді білу керек.

Осы жылға біздің балабақшамызға 31 бүлдіршін қабылданды. Қабылданған балалардың ата-аналарына «Сіздің балаңыз балабақшаға баруға дайын ба?» деген сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша 100ден 50% - жеңіл беймделу, 40% - орташа беймделу, 10%- күрделі беймделу бойынша өтуде.

Біз жиырма бірінші ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, жас ұрпағымызды дұрыс тәрбиелеуге, дұрыс білім беруге міндеттіміз. « Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соқтырады» – деген, данышпан ойшыл ғалым Әбу Насыр әл – Фараби.

Жаңартылған күні: 21.10.2022 16:53
Құрылған күні: 21.10.2022 16:57

Текст