Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 1-қосымша |
Нысан
"Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі |
||
1. |
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары |
2. |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
egov.kz "Электронды үкімет" порталы; |
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: бір жұмыс күні |
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған құжаттарды қабылдау туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту хабарламасы. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде көрсетіледі |
6. |
ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері |
Жеке тұлғаларға тегін |
7. |
Жұмыс кестесі |
egov.kz "Электронды үкімет" порталы және "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы" ақпараттандыру нысаны арқылы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8. |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өтініш; |
9. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10. |
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
Аттестаттау оқу жылында 1 рет өткізіледі. Аттестаттауға өтініш білім беру саласындағы уәкілетті органдар айқындаған мерзімдерде қабылданады. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау ағымдағы оқу жылының қаңтар-тамыз айлары аралығында өтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz. көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777, болған жағдайда порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz. |