Текст
30.10.2025
Бүгін «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының педагогтары мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің аудандық әдістемелік бірлестігінің отырысына қатысты.
Педагог-психолог Калита Наталья Витальевна «Авторлық ойындар: ООП бар балалармен жұмыс істеуге арналған нейроойындар мен жаттығулар» тақырыбында өз тәжірибесін ұсынып, әдістемелік ұсыныстарымен бөлісті.
Тәрбиеші Сайшашова Татьяна Анатольевна «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуда бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс тәсілдерін қолдану» тақырыбы аясында тәжірибе ұсынып, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Тәрбиеші Амриева Гульмира Оралбековна «Мектепке дейінгі ұйымдағы ұлттық және дамытушы ойындар» тақырыбы бойынша әзірлеген оқу-әдістемелік материалдарын таныстырды.