«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли – сад «Айгөлек» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»  

Біз соц. желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдіскердің бос лауазымына орналасуға конкурс.

19.08.2024

Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының "Айгөлек" бөбекжайы" МКҚК педагогтың лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының  «Айгөлек» бөбекжайы" МКҚК-ы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  22.11.2021 жылғы №432 "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы"  және   жаңа редакциядағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021.11.19 №568 бірлескен бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда №7495 бұйрықпен  тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2012 жылғы  21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес, әдіскерінің

40 сағат,  1 жүктемесімен бос лауазымына    конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Мекен - жай: Ақмола облысы,   Атбасар қаласы,   Озерная 20, телефон 8-716-43-2-75-01, 8-705-151-53-70, sad2.13@mail.ru

 

  1. негізгі функционалдық міндеттерін, еңбекақы мөлшері  мен шарттарын белгілей отырып, бос  және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:  әдіскердің бос лауазымы. Педагогтің лауазымдық жалақысы 117 508 тенгеден бастап, біліміне, біліктілігіне және жұмыс өтіліне байланысты.
  2. педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 3 жыл, ауылдық жерде - кемінде 1 жыл;
  3. Лауазымдық міндеттері:

      білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;

      балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;

      жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;

      оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;

      оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

      инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;

      топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;

      оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;

      тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;

      оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді;

      тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

      тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;

      педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі; 2024 жылдың 20 тамызынан бастап 28 тамызына дейін

      4)  Құжаттар тізімі:

- осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес түр бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); --  педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының түрін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген түр бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

- Наркологиялық ұйымнан анықтама;

- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-БТС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

- педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес түр бойынша толтырылған бағалау парағы;

Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) бар болса ұсынады.

  1. педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі:
Просмотров: 1950


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст