Текст
Осы жылдың 19 шілдесінде біздің "Айгөлек" бөбекжайымызда жағымды жаңалықтың бірі - ас блогында жөндеу жұмыстарының аяқталуы. Өз ісінің шеберлері барлық жұмыстарды мерзімінде өткізді. Ас бологіне келесідей жөндеу жұмыстарын жүргізілді: Төбені сылау, қабырғалар мен едендерді плиткамен қаптау, су құбырын ауыстыру, жаңа есіктерді орнату. Ас үй қызметкерлері батареялар мен сөрелерді бояуды өз бетімен жасады. Жаңартылған ас блогы тазалық және әдемілікпен жарқырайды. Ал, біздің сүйікті аспаздарымыз дәмді және пайдалы тағамдар дайындайды. Енді біздің ас үй барлық санитарлық және эстетикалық нормаларға сәйкес келеді.