«Балаларға шынайы тәрбиешісі болу үшін,
біз оларға жүрегімізді беруіміз керек"
В.А. Сухомлинский
Балабақша тәрбиешісінің кәсібі ең жауапты, әлеуметтік сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады, өйткені ересектер тәрбиешіге өз елінің болашағы – балаларын сеніп тапсырады. Тәрбиешілер кішкентай тұлғалардың өмірі мен дамуы үшін жауап береді. Баланың бөбекжайға қуанышпен келуі, жаңа нәрселерді үйренуге деген құштарлығының арттыру тек қана тәрбиешіге байланысты.
Галия Кабдолловна "Айгөлек" бөбекжайына 8 жыл бұрын орыс тілі пәнінің мұғалімі ретінде келді. Бірінші білімі - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Өзінің ұзақ педагогикалық жолында мұғалім болып қана қоймай, сонымен қатар басшылық лауазымдарды да атқарды.
Қазіргі уақытта «Айгөлек» бөбекжайында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Содан бері ол оның екінші үйі және тұрақты жұмыс орнына айналды. Ол мектепке дейінгі балаларды мектепке дайындайды, әріптер мен санауды үйретеді, жақсы және жаман нәрселер айыра білуге дағдыландырады. Педагогтің еңбек сипаттамасында айтылғандай, ол заманауи талаптарға сәйкес жұмыс атқара отырып, белсенді оқыту мен тәрбиелеуді формалары мен әдістерін біледі, ұйымдастырылған іс - әрекеттерді тәрбиеленушілермен топтық және жеке жұмыстар арқылы жүзеге асыру формаларын жетік меңгерген.
Осы ресми құжаттың сөз тіркестерінің артында балаларға деген сүйіспеншілікке толы өмір, оларға білім мен жақсылық әкелуге деген ықылас, үйретуге және көмектесуге деген ұмтылыс жатыр. Оның ұйымдастырған іс - әрекеттері әрдайым әртүрлі формалар мен мазмұнмен ерекшеленеді, балаларға ұнайды, ең бастысы олар айтарлықтай нәтиже береді.
Әдепті, мейірімді, көңілді және жігерлі, сонымен бірге Галия Кабдолловна өте талапшыл тұлға. Ол балаларды барлық жағынан тәртіпке үйретіп, өз кәсібіне деген сүйіспеншілікті, еңбекқорлықты, шығармашылыққа деген ұмтылысты біріктіреді және мұны өз тәрбиеленушілерінен күтеді, олардың шығармашылық қабілеттерін, Отанға деген сүйіспеншілігін оятады және дамытады, әділ, мұқият және адал болуға баулиды. Балалар тәрбиешісін өте жақсы көреді, күн сайын балабақшада олар үшін қандай да бір қызықты жаңалықтар, сабақтар, ертегілер, әндер, билер мен театрландырлаған ертегілердің көрсетілімдері болатынын біледі.
Галия Кабдолловна талапшыл ұстаз, айналасына мейірім мен шуақты атмосфера шашып жүретін жанашыр тұлға, жақсы ұйымдастырушы екендігін достары мен әріптестері әркез айтып жүреді.
Галия Кабдолловна бөбекжайда лайықты құрметке ие, жылдан жылға өзінің жас тәрбиеленушілері мен ата-аналарының сүйіспеншілігі мен сеніміне ие болуда.