Текст
Міне, көптен күткен, ең көңілді және сиқырлы мереке Жаңа Жыл да аяқталды. Біздің балабақшада "Шыршамен қоштасу"ойын-сауығын өткізу дәстүрге айналған. "Айгөлек" бөбекжайының тәрбиеленушілері жаңа жылдық әндерді еске алып, ойын ойнап, би биледі. Мереке жарқын әсерге бай, ұмытылмас, сиқырлы дыбыстар мен түстерге толы, баланың жан дүниесінде жарқын із қалдыратын мереке.