01.07.2026
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты.
Бүгін «Айгөлек» бөбекжайында «Жаңа Конституция: педагогтің құқықтық мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының білім беру, баланың құқықтары және педагогтің мәртебесіне қатысты негізгі қағидаларын талқылау, сондай-ақ құқықтық және азаматтық-патриоттық тәрбиені жүйелі түрде жетілдіру.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның, оның ішінде баланың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік құқықтық негізі екенін атап өтті. Баланың құқықтарын сақтау – әрбір педагогтің басты міндеттерінің бірі. Ал педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін дамыту және азаматтық-патриоттық тәрбиені нығайту мектепке дейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі екендігі ерекше айтылды.