Педагогикалық кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың баяндамасынан басталды. Заведующая Мырзабаева Ж.О. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелерін ұсынды, бұл бүкіл педкеңестің жұмысына бағыт берді.
Әдіскер Хамитова В.В. 2025–2026 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатпен таныстырып, бірыңғай тәрбие бағдарламасы «Адал азамат» енгізілуі туралы баяндады.
Әдіскер Амриева Г.О. жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктерімен бөлісті.
Соңында тәрбиеші Акульша А.И. академиялық адалдық қағидалары, педагог мәртебесінің маңызы және үздіксіз кәсіби өсу қажеттілігі туралы сөз қозғады.
Әрбір баяндама ортақ іске қосылған маңызды үлес болды.
Біз педагогтардың бірлескен еңбегі мен ата-аналардың қолдауы арқасында жаңа оқу жылы балалар үшін одан да қызықты, заманауи және пайдалы болатынына сенімдіміз.