Текст
Құрметті ата-аналар!
Сіздерге мекеме аумағына жақын орналасқан аумақтың жағдайын жақсарту және тазалықты қамтамасыз ету мақсатында щебень төселгенін хабарлаймыз. Осыған байланысты, аталған аумаққа автокөлікпен кіруден бас тартуларыңызды сұраймыз, себебі көліктердің қозғалысы қайтадан ластануға әкеліп соғады, бұл әсіресе жаңбырлы күндері балалардың қозғалысына қиындық тудырады
Сонымен қатар, аталған аумақта құдық орналасқан, оның шеттері көліктердің дөңгелектерінің әсерінен бұзыла бастады. Бұл балалар мен жүргізушілер үшін қауіп төндіруі мүмкін
Ортақ аумақта тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін түсіністік пен қолдау көрсетулеріңізге үміттенеміз
Ынтымақтастығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!