06.05.2025
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" КМҚК мемлекеттік тілде оқытатын топқа 1,125 штаттық жүктемемен (27 сағат) тәрбиеші бос лауазымына орналасу үшін конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 тіркелген) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, босату қағидаларын бекіту туралы" ережелерге сәйкес өткізіледі.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Озерная көшесі, 20-үй
Байланыс телефондары: 8-716-43-2-75-01, 8-705-151-53-70
Электрондық пошта: sad2.13@mail.ru
- Бос лауазымның атауы және негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы мөлшері мен шарттары:
Мемлекеттік тілде оқытатын "Ақбота" тобына тәрбиеші бос лауазымы. Лауазымдық жалақысы – 189 041 теңгеден басталады, педагогтың біліміне, біліктілігіне және жұмыс өтіліне байланысты өзгереді.
- Біліктілік талаптары:
Педагог жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс немесе "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты болуы қажет. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Лауазымдық міндеттері:
- Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулықты сақтау технологияларын қолдану;
- Мемлекеттік міндетті білім беру стандартына сәйкес педагогикалық үдерісті жүзеге асыру;
- Тәрбиелік және білім беру іс-шараларын ұйымдастыру (таңғы қабылдау, гимнастика, тамақтандыру, серуен, ұйқы, шығармашылық, танымдық, ойын, еңбектік, қозғалыс және эксперименттік қызметтер, жеке жұмыс, сауықтыру шаралары);
- Жеке тұлғаға бағытталған тәсілді қолдану;
- Дамуында ауытқуы бар балалармен түзету жұмысы бойынша мамандарға жәрдемдесу;
- Топтағы балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелік-білім беру үдерісін жоспарлау және жобалау;
- Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру және жеке қолдау көрсету;
- Ұйым ішіндегі іс-шараларға қатысу (отырыстар, кеңестер, байқаулар және т.б.);
- Озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау және енгізу;
- Ата-аналарға консультациялық көмек көрсету.
3. Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап – 2025 жылғы 8 мамырдан 2025 жылғы 19 мамырға дейін.
- Қажетті құжаттар тізбесі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш (3-қосымшаға сәйкес);
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
- Толтырылған кадр есебі бойынша жеке парақ (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері (біліктілік талаптарына сәйкес);
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының түрін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген түр бойынша денсаулық жағдайы туралы 075/у нысанындағы денсаулық туралы анықтама;
- Психикалық бұзылулар бойынша диспансерлік есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
- Наркологиялық есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
- Сертификаттау нәтижелері немесе біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса);
- 12 және 13-қосымшаға сәйкес педагог лауазымына үміткерді бағалау парағы;
- Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыным хат.
Қосымша:
Кандидат біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы (біліктілігін арттыру курстары, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері).