Атбасар ауданының білім бөлімінің жанындағы
«№ 2«Айгөлек» сәбилер бақшасы» МКҚК
2017-2018 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Атбасар ауданының білім бөлімінің жанындағы «№2 «Айгөлек» сәбилер бақшасы» МКҚК 2017-2018 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасының жүзеге асыру мақсатында сәбилер бақшасының "Ручеек" және "Ақбота" ересек топтары мен
"Айгөлек" орта топ тәрбиеленушілері "Қазақстанның қасиетті
рухани құндылықтар" қатарындағы Ілияс
Есенберлин атындағы әдеби мұражайға барып, жерлес ақынымыз туралы мәліметтер
алып қана қоймай, І.Есенберлин атындағы орталықтандырылған кітапханасын
тамашалады.
Сәбилер бақшасының "Ручеек" және "Ақбота" ересек топтары мен "Айгөлек" орта
топ тәрбиеленушілері Атбасар ауданының тарихи-өлкентану мұражайында болып,
ауданымыздың тарихымен танысты.
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға
қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып
кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын
бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз бере отырып, Елбасы аталмыш
тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай сәбилер бақшасының
"Ручеек" ересектер тобы тәрбиешісі Ж.Әубакірова, "АҚбота" ересек тобы тәрбиешісі К.Баймағамбетова,
"Айгөлек" орта тобы тәрбиешісі
Ғ. Каримовалардың ұйымдастырумен тақырыптың сабақтар өткізілді.
Тәрбиеленушілерді патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында аудандық білім бөлімінің
ұйымдастырумен өткізілген "Патриоттық әндер" сайысына "Менің Қазақстан" атты шығарманы екі тілде ересек және орта топ тәрбиеленушілерінің орындауымен сәбилер бақшасының музыкалық
жетекшісі Болеславская Татьяна Викторовна дайындап, ІІІ орын егері
мадақтамен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ересек топ тәрбиеленушілерімен "Тәуелсіз елім-Қазақстан"
атты ертеңгілікті М.Мендыбаева мен Т.В. Болеславская, "Моя Родина-Казахстан" атты ертеңгілікті Ж.Ж.Әубәкірова мен Т.В. Болеславская,
"Қазақстан достық мекені" атты ертеңгілікті А.Т.Абдрахманова мен Т.В. Болеславская ұйымдастырды.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылады