«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли – сад «Айгөлек» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»  

Біз соц. желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

21.02.2025

Мектепке дейінгі ұйым көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. Бірінші мемлекеттік қызмет-балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау және қабылдау". 2024 жылы 56 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) болып табылады
Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі келесідей:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) № 065/у нысанындағы профилактикалық егулер картасы
3)"бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанындағы анықтама
4) № 027/у нысанындағы анықтама, 
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (бар болса).
6) әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электрондық көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
7) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған педагогтің, медицина қызметкерінің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).
8) жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтер, ЕҰ-ға жолдаманы бірінші кезекте алғанын растайтын мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден тартылады.
Екінші мемлекеттік"педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау"
2024 жылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) Білім туралы диплом;
4)қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
6) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
7) ОЗП өткендігі туралы сертификат;
8)берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (біліктілік санаты бар адамдар үшін);
9) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;
10) білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар;
11) эссе (250-300 сөз)
Жеке басын куәландыратын құжаттар, білімі және еңбек қызметі туралы мәліметтер, ЖҚЖ өткендігі туралы сертификат тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық үкімет шлюзі арқылы алынады.
Тармақтарда көрсетілген құжаттар 4), 5), 8), 9), 10), 11) платформада қалыптасады.
Бұл ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

Просмотров: 1484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст