2025 жылғы 20 ақпанда Көкшетау қаласында "Ақмола облысының білім басқармасының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттері туралы"тақырыбында Ақмола облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға білім басқармасының мамандары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері қатысты.
Отырыс барысында өңірдің білім беру жүйесінің барлық деңгейлер бойынша жұмысының қорытындылары шығарылды, өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары және алдағы кезеңге арналған даму перспективалары талқыланды. Білім беру сапасын арттыру, оқытудың заманауи әдістемелерін енгізу және білім беру мекемелерін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша алқа қатысушылары Ақмола облысының білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірледі.